14 шілде күні сағат 11.00-де ЕЖШС «Астрофизика Институтының» Домалақ залында PhD студенті Ербол Хасен “Құрлық негізіндегі жоғары энергиялар астрофизикасы” атты баяндама жасайды.

Баяндамада қозғалатын тақырыптар:

– құрлық негізіндегі жоғары энергиялар астрофизикасының нәтижелері мен болашағы
– Аризонадағы VERITAS телескоптарының бақылаларына шолу
– гамма сәулелерін табудың тәсілдері
– бастапқы деректерді өңдеудің технологиялары
– осы саланың ағымдағы күйі және болашақтағы ең негізгі проблемалар
– блазарлар зерттеуіндегі ең соңғы нәтижелері және олардың әлем заңдарын іргелі тануға қосатын үлесі

Қатысамын деушілерге есік ашық.