Жоба мақсаты – Жұлдыздардың айнымалылығы және микроайымалылы, экзоғаламшар транзиттер фотометриялық зерттеулері, жұлдыздар арасындағы және оларды қоршаған газ-тозаңды дискалармен зат алмасу үдерістерін зерттеу.

Жұлдыздар маңындағы қабықшаларда және газтозаңды дискаларда жұлдыздардың пайда болуы кезіндегі белсенді процестерді зерттеумен байланысты мәселелер астрофизиканың айтарлықтай өзекті мәселелеріне жатады. Микроайнымалылықты табу және зерттеу мақсатында жұлдыздарға фотометрлік бақылаулар астрофизикалық міндеттердің тұтас спектріне алып келеді. Сондықтан да, оларды айнымалылығының түрлері бойынша жіктеу айнымалылықтың белгілі түрлерінің мәліметтер базасын толықтыруға ғана емес, бірақ және астросейсмология мен т.б. механизмі жөнінде дәлелдейтін экзоғаламшарлық транзиттерді, нысандарды, жарық вариациясын табуға әкеледі. Осындай мәліметтер ерекше және жылдар мен он жылдықтар өткеннен кейін жұлдыздардың фотометрлік өткенін қайта құру үшін пайдаланылуы мүмкін.

Кіші және орташа диаметрлі телескоптарда фотометриялық бақылаулар жүргізіледі. Микроайнымалылықты және транзиттік өтулерді іздеу үшін, жобаға қатысушылардың заманауи аспаптарда орындаған нақты фотоэлектрлік бақылаулары пайдаланылатын болады. Сандық үлгілеу жобаны орындаушылар заманауи сандық әдістер қолдану арқылы құрған компьютерлік бағдарламалар негізінде жүргізіледі.

Жоба міндеттері – Жалтырауының аз амплитудасымен айнымалы жұлдыздарды іздеу. Экзопланеталық транзиттерге фотометриялық және гамма-жарқ етулеріне аллеренттік бақылаулар жүргізу. Жұлдызды дискаларда сублимациялау аймағында шаң-тозаңды бөлшектердің орбиталық дамуын моделдеу және бөлшектерді бөлудегі жарықтық қысымның әсерін талдау. Әртүрлі массадағы жас жұлдыздардың белсенділік процестерін зерттеу.