Жердің геостационарлық орбиталарындағы ғарыш аппараттарыныңбеткіқабаттарының микро/наноөлшемді ғарыштық сынықтар, күн желінің және ғарыштық сәулеленуімен үнемі бомбалау салдарынантозуға ұшырайды. Геостационарлық орбита – материалдардың қасиеттерінің өзгеруіне әсер ететін орта, атомдық оттегі, ультракүлгін сәуле, жылу циклдері, электромагниттік сәуле, микрометеориттер және техногендік орбиталық бөлшектер кіреді. Мұндай ортаның әсерінен ғарыш аппараттарының материалдары оптикалық, жылу, электрлік және механикалық қасиеттерінің нашарлататын коррозияға, эрозияға, құрылымдық модификацияға және беткі қабатының кедір-бұдырлығына ұшырайды. Мұндай тозу қаншалықты тез болуы мүмкін және бұл ғарыш аппараттарының жұмысына қалай әсер етеді – қазіргі уақыттың өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.Жоба идеясы – ғарыш саласында қолданылатын, геостационарлық жерсеріктерінің фотометрлік сипаттамалары бойынша, әртүрлі спектрлік аймақтағы материалдардың қасиеттерінің өзгеруін зерттеу. Орбиталық соқтығысулар және ғарыштық радиациялар әсерінен жерсеріктерінің, сонымен қатар Казсат, материалмен жабындар (әртүрлі пленкалар, қабаттарын ажырату, өте жұқа бояу қабаттары болуы мүмкін және т.б.), қасиеттерінің өзгеруін жерсеріктің қанша уақытқа дейін жұмыс жасайтынын болжау.
Бағдарламаның міндеттері
1 міндет – геостанционарлық жерсеріктерінің көптүсті фотометрлік жаңа бақылау мәліметтерін алу және ФАФИ мәліметтер базасын талдау.
ФАФИ көптүсті фотометрия мұрағатының мәліметтерімен жұмыс, уақыт бойынша, түс көрсеткіш индексі, фотометрлік сипаттамалардың өзгерулері туралы ақппарат табу үшін ұзақ уақыт аралығында бақыланған, жақсырағы ұшырылған күннен бастап жұмыс жасауы аяқталғанға дейінгі уақыт аралығындағы бірнеше жерсеріктеріне мәліметтер таңдау. Казсат-1 және Казсат-2 ғарыш аппараттарының (ҒА) ұшырылу уақытынан бастап ФАФИ бақылау мәліметтерінің бар болуы маңызды, уақыт бойынша жерсеріктерінің жабылуы түсті сипаттамаларының өзгеру процесстерін модельдеу және талдау.
2 міндет – Фазалық бұрыш, құрамы және беткі формасына байланысты фотометрлік түс индексін құру.
Қол жетімді басқа көздерден алынған зақымданбаған материалдардың түс индекстерін қолдананып, олардың уақыт бойынша өзгеруін қадағалап және өмір сүру ұзақтығын нобайлап болжайтын әдісті өңдейміз (бақыланатын жерсеріктерінің өмір сүру мерзімін біле отырып) және анықтай аламыз. Бұл үшін бізге тура есепті шешу қажет – фазалық бұрыш, құрамы және беткі формасына байланысты фотометрлік түс индексін құру. Қарапайым геометриялық объектілерді моделдеу және визуализация жасау үшін және олардың фазалық портретін және фазалық бұрышын талдауға бағдарламалар өңдеу қажет. Бұл параметрлер бізге аппараттардың түрін табуға көмектеседі.
3 міндет – Зертханалық жағдайдаматериалдардың құрылымдық өзгеруін және тозуын талдау және олардың құрылымының өзгеруіне сандық моделдеу жүргізу
Геостационарлық орбитада ҒА ғарыш ортасының, ғарыш қоқысымен микро-соқтығысуы, және микрометеориттермен жанасуының әсерлерін компьютерлік модельдеу. Сандық модельдеу нәтижелерімен Казсат-1 және Казсат-2 жерсеріктері бойынша мұрағаттағы және жаңа мәліметтерді салыстыру.
Күтілетін нәтижелер:
2020ж. – Казсат-1 және Казсат-2 барлық мәліметтері бар базалар бойынша талдаулар.Әртүрлі фазалық бұрышпен жарқырау қисығын анықтау және геометриялық фигураларды компьютерлік модельдеу. Модельдеу үшін (жабын материалдары) қосымша шарттар қосу. Казсат-1 және Казсат-2 жаңа фотометрлік бақылау мәліметтері.
2021ж. – ҒА бояуға ғарыш ортасының шарттарының әсерлерін талдау. Материал құрамының өзгеруін көрсететін компьютерлік модель.
2022ж. – Казсат-1 және Казсат-2 жерсеріктері бойынша тәжірибелік мәліметтер мен және зертханалық жағдайда материалдар құрылымының өзгеруінің компьютерлік моделін талдау. Орбиталық соқтығысуларда, ғарыштық радиациялар әсер еткенде ҒА жанасуы фотометрлік сипаттамалардың өзгерулерін және жерсерігінің болашақтағы жұмысының болжамы.