
Жалпы ақпарат.
1.1 Жоба тақырыбының атауы:
AP08855631 «Асқынжаңа жұлдыздарымен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылдарының зерттеуі»
1.2. Ғылымды дамытудың басым бағытының атауы:
Жаратылыстану ғылымы саласындағы ғылыми зерттеулер
1.3. Мамандандырылған ғылыми бағыттың атауы, зерттеудің түрі:
Физика және астрономия саласындағы іргелі және қолданбалы зерттеулер
1.4. Жобаның басталатын және аяқталатын болжамды күні, оның ұзақтығы:
01.10.2020 – 31.12.2022 ж, ұзақтығы 27 ай.
1.5. Өтінімнің саласы мен бағытын сипаттайтын түйін сөздер:
космологиялық гамма-сәулелену жарқылы, асқынжаңа жұлдыздар, Вольф-Райе жұлдыздары
Жобаның жалпы тұжырымдамасы: Жобаның негізгі идеясы асқынжаңа жұлдыздарымен біріктірілген ұзақ гамма-сәулелену жарқылдарының заманауи зерттеулеріне орай асқынжаңа жұлдыздардың жарылысына негіз болатын массивті Вольф-Райе жұлдыздар деген болжам. Біздің галактикадағы Вольф-Райе жұлдыздарының болуы, өз кезегінде, кіші және орта диаметрлі Қазақстандық телескоптарды қолдана отырып, оларды егжей-тегжейлі зерттеуге қосымша мүмкіндіктер ашады. Галактикалық Вольф-Райе жұлдыздарының қасиеттері және оларды космологиялық ұзақ мерзімді гамма-сәулелену жарқылдарына біріктірілген асқынжаңа жұлдыздар жарылысының алғашқы негізі ретінде теңдестіру, болашақтағы біздің галактикада болатын гамма-сәулелену жарқылымен байланысты апатты процестерді болжауға мүмкіндік береді.
Мақсаты: Физикалық тұрғыда түсіндіруге заңдылықтар мен сипаттамаларды анықтауға асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген белгілі гамма-сәулелену жарқылына талдаулар жүргізу және жаңа объектілерді іздеу. Асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылының заңдылықтары мен сипаттамалардың анықтауға және түсіндіруге негіз болатын галактикалық Вольф-Райе жұлдыздарына арналған бақылаулар және талдаулар жүргізу.
Зерттеуге бағытталған мәселелер: Асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылы саласындағы зерттеудің келесі мәселелеріне бағытталған: 1) жалпы статистиканың арттыруы; 2) жерден оптикалық телескоптармен ерте және ұзақ мерзімде жалғасқан спектрлік және фотометрлік бақылаулар; 3) оқиғалардың алдында болған астрофизикалық объектілерді іздеу; 4) объектілердің заңдылықтары мен сипаттамаларын анықтауға арналған электромагниттік спектрдің бүкіл диапазонындағы ашық мәліметтерге талдау жүргізу.
Зертеуді жүргізудің негізгі тәсілдері: 1) тәжірибелік—оптикалық телескоптар арқылы алерттік бақылаулар және іздеулер; 2) мәліметтерді талдау—электромагниттік спектрдің барлық диапазоны бойынша ашық мәліметер және өзміздің бақылау мәліметерін өңдеу және түсіндіру; 3) теориялық—модельдер және теориялық сценарийлерді өңдеу; 4) сандық модельдеу—гамма-сәулелену жарқылы даму процесін модельдеу, сонымен қатар, статистикалық зерттеулер.
Жоба міндеттері:
1. Асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылдарын табу мақсатында оптикалық кейінгі жарықты жерден алерттік және ізденіс әдістерімен бақылау.
2. Асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылының мәліметтерін таңдау және теориялық модельдерді даму.
3. Құс жолы галактикасындағы Вольф-Райе жұлдыздар іріктеуіне жерден оптикалық аймақта бағдарлама бойынша бақылауларды іске асыру және олардың асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген ғарышнамалық гамма-сәулелену жарқылдарынан бұрын тұрған объектілері ретінде қасиеттерің зерттеу.
Күтілетін нәтижелер: 1) асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылының жалпы статистикасын оның ішінде өзіміздің бақылауларымен арттыру; 2) асқынжаңа жұлдыздармен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылының теориялық моделдері және сценарийлері; 3) зерттеулердің негізгі нәтижелерін жариялауға ұсынған тақырыпқа сай арнайы рейтингтік журналдарында басылып шыққан мақалалар; 4) ҚР БҒМ БҒССҚК ұсынылған журналдарында басылып шыққан кем дегенде бір мақалала; 5) ғылыми конференцияларда баяндама жасау арқылы, шетелдік ғылыми орталықтармен және зерттеушілермен ынтымақтастық арқылы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.
Халықаралық ынтымақтастық:
Гамма-сәулелену жарқылдарының зерттеу топтары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім.
Conferences, schools, seminars:
1. THESEUS Conference 2021, 23-26 March 2021 (on-line), Y. Aimuratov
2. Virtual OPTICON Archival School using ESO and ALMA data, 19-26 June 2021 (on-line), Y. Aimuratov
3. Sixteenth Marcel Grossmann Meeting, 5-10 July 2021 (on-line), Y. Aimuratov, oral talk “GeV-GRB-SN: compare and contrast”
4. 2nd Regional Astronomical Summer School “Observational/Data Astronomy and Space Sciences”, 13-17 September 2021, Byurakan, Armenia (on-line) I. Izmailova
5. “Scientific Communication in Astronomy” training school, 3-8 October 2021, Bertinoro, Italy (IN PERSON) Y. Aimuratov
6. IAU Symposium 366 “The Origin of Outflows in Evolved Stars”, 1-5 November 2021, Leuven, Belgium (on-line) Y. Aimuratov, I. Izmailova
7. ICRANet-ISFAHAN Astronomy Meeting, 3-5 November 2021, Isfahan, Iran (on-line) Y. Aimuratov, oral talk “Universality of Peaking Time of Supernovae Associated with Gamma-Ray Bursts”
8. The 6th Bego Rencontre Summer School, 4-14 July 2022, Nice, Pescara (ONLINE) Y. Aimuratov, oral talk “Gamma-Ray Bursts Associated with Supernovae. Case Studies: 190114C, 190829A, 130427A”
9. 8th Byurakan International Summer School (8BISS) for Young Astronomers, 12-16 September 2022, Byurakan, Armenia (on-line) I. Izmailova