Жоба мақсаты  – Юпитер және Сатурнның атмосфераларындағы газ тәріздес аммиакты жұтылу жолақтардың кеңістіктік-уақыттық вариация заңдылықтарын және олардың ғаламшарлардың жылулық тәртібімен байланыстары анықтау және аймақтарын орнату.

Алып-ғаламшарлар атмосфераларында аммиак маңызды рөл атқарады. Бірақ, оның көптеген ерекшеліктері, тропосфера аймағында таралуы және оның бұлт тәрізді агент ретіндегі сипаттамасы аз зерттелген. Қазақстан Республикасы ғарыш саласындағы Заңда қарастырылған «Ғарыштық кеңістікті, планеталарды және күн-жер байланыстарын зерттеу» (4 мақ., 2 тар.) сәйкес басымды бағыттағы Жоба болып табылады Жердің климаттық өзгеру мәселелеріне байланысты ғаламшарлардағы процестерді зерттеудің қажеттілігі Жобаның ғылыми маңыздылығы және өзектілігімен анықталады. Жобаның әдіснамалық негізі көп жылдық алып-ғаламшарларды спектрлік бақылаулар мәліметтерін мамандандырылған өңдеулер және оларды алу, талдаулар жүргізу, газды және конденсацияланған күйдегі аммиактың құрамының өзгеруін және аммиакты бұлттардың жасалуы туралы ақпараттар алу.

Жоба міндеттері – Юпитер және Сатурнның әр түрлі ендік аймақтарындағы аммиакты жұту жолақтарын және олардың кеңістік пен уақыт бойынша вариацияларын зерттеу. Юпитер мен Сатурн тропосфераларында әр түрлі температуралық режимдерінде газ тәрізді аммиак қосындысының вариациясы мен осы ғаламшарлар атмосфераларының тік құрылымының үлгілерінің теоретикалық есептеулері. Юпитер мен Сатурн атмосфераларында аммиакты жұту бойынша ендік пен бойлықтың және уақыттың вариациялары жөнінде көп жылдар бойы алынған бақылау мәліметтері бойынша талдау. Алынған нәтижелерді жылулық инфрақызыл бақылау мәліметтері мен және де басқа ғаламшарлардың атмосфералар күйінің сипаттамаларымен салыстыру.