Каменское платодағы Астрофизикалық институттың обсерваториясы теңіз деңгейінен 1450 метр биіктікте орналасқан. Оның құрылуына 1941 жылдың 21 қыркүйегінде экспедиция құрамында Мәскеу және Санкт-Петербург астрофизиктері болған күннің тұтылуына жүргізілген бақылаулар негіз болды. Институт ғимараты соғыстан кейін тұтқындағы жапондардың күшімен салынған. Үлкен обсерватория тұрғызу үшін жақсы астроклиматты алаңды іздестіру 1943 жылы басталған еді. 1945 жылдың екінші жартысында обсерватория орны (Алматыдан 11 км қашықтықта теңіз деңгейінен 1450 метр биіктікте) мен жобасы таңдалды, ал, 1946 жылдың наурыз айында обсерватория құрылысы жөнінде Үкіметтің қаулысы қабылданды. 1950 жылға дейін обсерватория Таулы астрофизикалық обсерватория деп аталды, 1950 жылдан бастап ресми атауы — Астрофизикалық институт болып өзгертіліп, негізін қалаушы В. Г. Фесенков аты берілді. Қазір галактикалар, жұлдыздар, ғаламшарлар және геостационар жер серіктер бақылаулары жүргізілетін 4 телескоп жұмыс істеп тұр.
Бүгінгі таңда келесі телескоптар пайдаланылады:
Observatory operates the following telescopes:
* АЗТ-8 (D = 700 мм, F басты = 2800 мм, F Кассегрен= 11000 мм, F Куде = 28000 мм) (1964 ж.) — жұмыс істейді, ЖЖС бақылаулары жүргізіледі (позициялық және фотометриялық — А. В. Диденко) , ГБЯ және ғаламшар тұмандықтары (спектрофотометрия — Э. К. Денисюк, Л. Н. Кондратьева, Р. Р. Валиуллин)
* Цейс-600 (оптикалық жүйесі: Кассегрен, D=600 мм, F=7200 мм, 1972 ж.) — ғаламшарлар спектрофотометриялық бақылаулары жүргізіледі (В. Г. Тейфель)
* Герц 50-см рефлекторы (Hertz reflector) (D = 500 мм, F = 11000 мм) (1948ж.) — абсолютті спектрометрия үшін — (соғыстан кейін репарация арқылы Германиядан алынған): жөндеуден өткізу қажет, тек экскурция үшін ғана пайдаланылады.
* Мақсұтовтың жарығы күшті менисков телескобы АСИ-2 (D = 500 мм, F = 1200 мм) (1950 ж.) — газды тозаң тұмандық жіңішке құрылымын зерттеу үшін — Д. Мақсұтов жүйесінің телескобы СССР-да алғаш ортанылған.
Зерттеу бағыттары:
Атмосфералық оптика
Жұлдызаралық орта
Жарық және қараңғы тұмандықтар
Күн белсенділігі
Белгенді галактикалар спектрофотометриясы
Жұлдыз астрономиясы
Күн жүйесінің үлкен ғаламшарлары
Кометалар
ЖЖС астрометриясы
ГБЯ кешенді зерттеулері (эксперименттік және теориялық)
Ерте Әлем физикасы саласындағы зерттеулер
ғарыш қалдығы және кометалық-метеорлық-астероидтық қауіп мәселелері
Staff
Қызметкерлер
Директордың ғылым жөн. орынб. Жетекші ғылыми қызметкер Бас ғылыми қызметкер Зертханашы Зертхана меңгерушісі