Ассы-Түрген обсерваториясы — Алматыдан күн шығысқа қарай 75 км қашықтықта, теңіз деңгейінен 2750 м биіктікте биік таулы Ассы-Түрген жотасында орналасқан астрономиялық обсерватория. Қазақ ССР ҒА-ның Астрофизика институты тұрғызған. 1 метрлік «Цейсте» тұрақты бақылаулар 1981 жылдан бастап жүргізіле бастады. 1991 жылы телескоптардың екі мұнарасы және мейманханалық блогы салынды, сонымен қатар 1 метрлік телескоп іске қосылды. 1980 жылдардың соңына таман 1,5 метрлік АЗТ-20 рефлекторын орнату жоспарланды. Обсерватория күмбезі мен ғимараты орнатылды, ал 1990 жылдардың басында 1,5 метрлік телескоп құрылысы тоқтап қалды, бірақ 2015 жылы оны іске қосу жоспарлануда.
Ассы-Түрген — Қазақстанда тамаша астроклиматы бар жалғыз обсерватория. Жоғары мөлдірлігі, сәулелік ластануының болмауы, турбуленттігі өте аз болуы (орташа) сияқты обсерваториядағы астроклиматтық жағдайлар ғаламшар астрономиясы үшін өте қолайлы. FWHM < 2″ орта. Көкжиектің көрінетін сызығы орта есеппен небәрі 2—3° математикалық жоғарырақ.
(Video courtesy by EPICAM)