Ассы-Түрген обсерваториясында NUTTelA-TAO жобасының аясында PlaneWave Instruments атты америкалық компаниясы өндірген биік таулы аймаққа арналған заманауи телескоп орнатылды.
NUTTelA-TAO жобасы Energetic Cosmos Laboratory (Nazarbayev University), Space Sciences Laboratory (University of California, Berkeley), және В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтын біріктіреді.
Осы жобаның аясында ғарыштағы жылдам өтетін процесстерді және гамма-жарқыраулардың оптикалық жарқырауларынан кейінгі құбылыстармен байланысты алыс ғарыш процесстерін зерттеу жоспарлануда. Телескоп күмбездің құрастырылу ерекшелігіне келер болсақ, спутниктің сигналынан кейін автоматты түрде жылдам объекттерге бақылау жасайды.