26 қыркүйек күні сағат 23:14 (UTC бүкіләлемдік уақыты) Жерді қауіпті астероидтардан қорғау технологиясын әзірлеу үшін Дидим астероидының серігі Диморф астероидіне DART миссиясының ғарыш кемесі соқтығысты. Габарит өлшемдері 1,2 × 1,3 × 1,3 метр және қосымша 8,5 метрді құрайтын күн тақтасымен бірге ғарыш кеменің жалпы массасы соққы сәтінде 570 кг-ға ие болды. Бұл жағдайда құрылғының жылдамдығы 6,1 км/сек болды. Бұл оқиға халықаралық науқан шеңберінде ҚР ҰҒА академигі Т.Б. Омаров атындағы Ассы-Түрген обсерваториясында бақыланды. Оқиғаның ең құнды спектрлік деректері алынды. Бірінші кадрдың басынан соңғы кадрдың соңына дейін барлығы 19 кадр алынды. Бақылаудың жалпы ұзақтығы 21 минут 20 секундты құрайды. Бақылаулар нәтижесінде 6-7 кадрдан бастап пайда болған эмиссиялық сызықтарды біз Na, Li және K сілтілік металдардың резонанстық сызықтарымен теңдестірдік. Қазіргі уақытта бұл металдардың атомдары пайда болуына қандай химиялық процестер әкелетінін айту қиын. Бірақ олардың соққыдан кейін пайда болуы, олардың ғарыштық молдығына сәйкес, Диморф денесінен босатылуына ұсыныс негізін береді, және бұл осы сызықтардың қарқындылығының қатынасымен расталады: ең күшті сызық – Na, содан кейін К және Li.
ҚР ҰҒА академигі Т.Б. Омаров атындағы Ассы-Түрген обсерваториясында DART миссиясы мен Диморф астероидтың соқтығысу оқиғасының спектрлік бақылаулары.
Posted on 3rd October, 2022.
Comments are closed.