2025 жылғы 11–13 қараша аралығында Иорданияның Амман қаласында Халықаралық астрономиялық одақтың қолдауымен “Advancing Space and Astronomy Sciences for a Sustainable Future” тақырыбындағы Таяу Шығыс пен Африка елдерінің 7-ші конференциясы (MEARIM7) өтті. Конференцияға ФАФИ атынан Ч.Т. Омаров, М.А. Кругов және басқалар қатысты. Кездесу барысында В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институты мен Иордания университеті арасында астрономия және астрофизика саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Меморандумның негізгі мақсаты — бірлескен зерттеулер жүргізу, деректермен алмасу, бақылау және есептеу ресурстарын ұсыну бойынша екі ұйым арасындағы өзара байланысты нығайту. Сонымен қатар, аталған келісім аясында бірлескен конференциялар мен воркшоптар ұйымдастыру, халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа қажет қызметкерлердің тағылымдамаларын өткізу жоспарлануда.

Меморандум (PDF)