AP08855631 грант шеңберінде ФАФИ және ICRANet (Италия) гамма-сәулелену жарқылдарының зерттеу топтары арасындағы ынтымақтастық туралы келісім
Гамма-сәулелену жарқылдарының зерттеу топтары арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға ФАФИ гамма-сәулелену жарқылдарының зерттеу тобының бас зерттеушісі, аға ғылыми қызметкер Аймуратов Ерлан Қайратович және Халықаралық релятивистік астрофизика орталықтарының желісі (ICRANet, Италия) гамма-сәулелену жарқылдарының зерттеу тобының бас зерттеушісі профессор Рэмо Руффини қолдарың қойды.
Топтар арасындағы ынтымақтастықтың негізгі мақсаты: Жоғары энергия астрофизика және релятивистік астрофизика саласындағы ғылыми зерттеулер, атап айтқанда, асқынжаңа жұлдыздарымен біріктірілген гамма-сәулелену жарқылдарының зерттеуі.
Мекемелер арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға ФАФИ директоры Шыңғыс Түкенұлы Омаров және Халықаралық релятивистік астрофизика орталықтарының желісі (ICRANet) профессоры Ремо Руффинидің қолдары қойылды. Меморандумның негізгі мақсаттары:
I – ICRANet және ФАФИ арасындағы түлектер, аспиранттар, зерттеушілер мен оқытушылардың институционалдық алмасуы;
II – оқыту және/немесе зерттеу қызметін дамыту;
III – симпозиумдар, семинарлар, конференциялар және қысқа мерзімді курстар ұйымдастыру;
IV – ғылыми-техникалық және мәдени іс-шаралар мен көпшілік үшін ашық шараларды ынталандыру және қолдау;
V – жоғары деңгейдегі мамандандырылған біліктілікті арттыру курстары арқылы университет оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерін даярлау мүмкіндіктерін дамыту;
VI – оқыту және қайта өңдеу бойынша курстар мен іс-шараларды ұйымдастыру, сондай-ақ жергілікті жоғары оқу орнынан кейінгі білім алу бағдарламаларына байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының институт-аралық бағыттарын дамыту;
VII – бірлескен ғылыми жарияланымдар бойынша жұмыс;
VIII – ғылымды танымал ету арқылы әлеуметтік бағытталған қызметті жүзеге асыру;
IX – екі мекемедегі оқу және ғылыми-зерттеу қызметі туралы ақпарат алмасу;
X – бірлескен ғылыми жобаларды ілгерілету немесе ұтқырлық алмасу бағдарламаларын жүзеге асыру үшін халықаралық гранттық бағдарламаларға өтініш беру.