Қазақстанда жасанды Жер серіктерін (ЖЖС) бақылау 1957 жылы бірінші Жер серік ұшырылған соң В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтында басталды. Сол жылы жер маңындағы ғарыштық кеңістікті бақылауға арналған Совет Одағының ЖЖС оптикалық бақылау станцияларының желі құрамына кірді. 1967 жылдан бастап институтта В.С. Матягиннің жетекшілігімен Айға, Марсқа және Венераға ұшырылған жасанды Жер серіктерді бақылау зертханасында автоматтандырылған планета аралық станцияларды бақылау жүргізілді. 1971 жылы Валерий Матягин авторлық құраммен жасанды Жер серіктеріне аппаратура, бағдарламалық қамсыздандыру дайындағаны үшін және аса нақтылықпен бақылау жүргізгені үшін КСРО мемлекеттік марапатына ие болды. 1991-1996 жж. А.В. Диденконың жетекшілігімен жүргізілген бақылау нәтижелерінің негізінде мәліметтер қоры құрастырылды және 259 ГСС туралы ақпараты бар геостационар серіктердің (ГСС) каталогы баспадан шықты. 1991-1999 жж. Бақылау нәтижелері бойынша 670 ГСС туралы ақпарат қосылған каталогтың екінші басылымы дайындалды және жарияланды.
2000 жылдан бастап ГСС бақылау заманауи ПЗС-камерасы бар “Цейсс-1000” телескопында жүргізілуде. Сонымен қатар RC500 “Астросиб” компаниясы телескопы неізінде Ассы-Түрген обсерваториясында жақында пайда болған ГСС бақылау пунктінде іздеу бақылаулары жүргізілуде. Қазіргі таңда секторда қазақстандық геостационат серіктердің топтасу аймағын бақылау жүйелі түрде жүргізілуде. ҚР бойлығының бақылау пунктерінің аймағында Оңтүстік-Шығыс және Орталық Азия, Ресей территориясында навигациялау және телекомуникациялауды, байланысты қамтамасыз ететін оқшауланған геостационар серіктердің аумағында мониторинг жасалуда. Бұл жағдайға 75° либрация нүктесінің бойлығына жақын орналасқан ФАФИ обсерваторияларының тиімді географиялық орны себеп. Бұл жағдай аталған либрация нүктесіне жақын орналасқан барлық белсенді және белсенді емес геостационар серіктерді бақылауға мүмкіндік береді.
Штаттан тыс жағдайларды талдау үшін жерлік ақпаратты тиімді пайдаланудың көрнекі мысалы болып сектордағы DSP-21 америкалық аппаратура, «Ямал-101» ресей байланыс серіктері және «Экспресс АМ-11», Казсат-1 қазақстандық серік бойынша жасалған жұмыстар болып табылады.
“Цейсс-1000” телескопы, Тянь-Шань обсерваториясы. |
RC500 телескоп, Ассы-Түрген обсерваториясы. |