2015 жылы 3-ші желтоқсанда Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы 3 желтоқсандағы № 125 Жарлығымен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы 2015 жылғы мемлекеттік сыйлығына қол қойды.
Мемлекеттік сыйлықпен марапатталғандардың арасында плазманың құрылысын зерттеу бойынша ғылыми еңбектердің авторлары, ғарыштық ғылымды зерттеу , медицина, өндіріс және т.б№ саласын зерттеу бойынша жұмыстар циклының авторлары болды. Атап айтқанда мемлекеттік премия В.Г. Фесенков атындағы астрофизика
институты және Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы қызметкерлеріне берілді:
Синьцзянской
Жұмабек Шабденалыұлы Жантаевқа – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының президенті, физика-математика ғылымдарының докторы;
Леонид Михайлович Чечинге – Қазақстан Республикасы ИнвестицияСиньцзянскойлар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» перспективті астрофизикалық зерттеулер бөлімінің бастығы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор;
Сергей Борисович Дубовиченкоға – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының «В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ядролық астрофизика секторының меңгерушісі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор.
Ақорда да болып өткен 2015 жылғы әл-Фараби атындағы Ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық лауреаттарын Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев марапаттады. Марапаттау рәсімі және суреттер толығырақ Қазақстан Республикасы президентінің ресми сайтында, сондай-ақ Қазақстан Халықаралық мемлекеттік ақпарат агенттігі сайтында қол жетімді.