В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының инженерлері «Астротехприбор» компаниясымен бірлесіп Қазақстандағы  ең үлкен Ассы-Түрген обсерваториясындағы 1,5 метрлік АЗТ-20 телескобының оптикалық жүйесіне ауқымды модернизация жүргізді. Телескоптың тік фокусында диаметрі 280 миллиметрге тең өрістің 4 еселенген линзалы кварцты корректоры орналасқан.

Модернизацияның нәтижесінде телескоптың көру мүмкіндігі 17,5 есеге ұлғайды және KAF9000 зарядталған байланысы бар аспабының (ЗБА) камерасы 22,3 х 22,3 бұрыштық минутқа жетті. Болашақта телескоп 300 нм-ден 2,5 мкм-ге дейінгі спектралды диапазонда бір квадраттық градусқа дейінгі суреттерді қабылдауға мүмкіншілігі бар, яғни АЗТ-20 телескобының іздеу және шолу бақылауларың тиімділігін арттырады. Сонымен қатар, бір матрицаның өрісіне көптеген астрономиялық стандарттардың түсуі астрометриялық және фотометриялық бақылаулардың дәлдігін арттырады.

AZT20 in construction
Фокустың редьюсері бар АЗТ-20 оптикалық жүйесінің параметрлерін есептеу

Телескоптың оптикалық жүйесін сынақтан өткізу үшін «Орион тұмандығы» және «Құс жолындағы» аудан алынды. Алынған параметрлердің есептеуден ауытқуы 0,1% тең! Модернизациялнған телескоп алыс ғарыш объектілерін зерттеу бойынша есептеулердің спектрін айтарлықтай кеңейтуге және шетелдік әріптестерді серіктестікке шақыруға  мүмкіндік береді.

Field_FL_AZT20 Orion-AZT20
Жүйенің шын мәніндегі фокустық арақашықтығын (5 714.4 мм)  өлшеу үшін пайдаланылған жұлдызды өріс. Есептеулер мәнінен ауытқу 0,1% (6.09 мм) құрады. Орион Тұмандығы (NGC 1976). Өрістің бұрыштық минуттары 22.3×22.3. Apogee U9000 ЗБА, Astrodon RGB gen 2 фильтры, RGB қосындысы(Rx 30 сек, Gx 30 сек, Bx 60 сек)