Жібек жолы астрономиялық зерттеулер мен білім беру Альянсы, Қытай Халық Республикасындағы Дали университетінің профессоры Чжунму Ли және Германиядағы Гейдельберг университетінің профессоры Райнер Шпурцемнің атынан, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының директоры Омаров Шыңғыс Төкенұлын Вице-президент лауазымына тағайындады.

Тағайындау туралы хатта былай деп көрсетілген:
«Бұл тағайындау Сіздің астрономиялық зерттеулер, білім беру және Жібек жолы өңірінде, сондай-ақ одан тыс халықаралық ынтымақтастықты ілгерілетуге қосқан елеулі үлесіңіз бен адалдығыңызды мойындау болып табылады.
Біз осы бастамаға деген Сіздің зор жауапкершілікпен қарауыңызды жоғары бағалаймыз және алдағы уақытта маңызды үлесіңізді күтеміз».