В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты жүйелі түрде жалпыға түсінікті дәрістер айтылатын және келушілерге телескоп арқылы жұлдызды аспанға қарау мүмкіндігі берілетін экскурсиялар жүргізеді. Экскурсиялар кешкі уақытта ауа-райы ашық күнде жүргізіледі.
Экскурсияларды ұйымдастыру Tour Media Systems туристік компаниясымен келісімшарт шеңберінде жүзеге асады. Толық ақпарат пен байланыс телефондарын мына жерден таба аласыз.
Экскурсиялар тек Каменское Плато обсерваториясында ғана жүргізіледі. Тянь-Шань және Ассы-Түрген биік таулы обсерваторияларында экскурсиялар жүргізілмейді.