Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі қарсаңында ғылымды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институтының директоры Омаров Шыңғыс Түкенұлы «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл жоғары марапат – Шыңғыс Түкенұлының астрофизика саласына қосқан орасан зор үлесін мойындау. Ол өз өмірін ғылым мен астрофизиканы дамытуға арнаған әлемге әйгілі астрофизик, әкесі – Омаров Төкен Биғалиұлының жолын қуды.
Ш.Т. Омаровтың жетекшілігімен В.Г. Фесенков атындағы Астрофизика институты отандық ғылымның халықаралық беделін арттыруға көмектесіп, айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді. Қазіргі уақытта институтта Жерге жақын ғарыш кеңістігін бақылаудың ұлттық ғарыштық хабардар ету жүйесінің негізі құрылды және оның бақылау базасы әзірленді. Сондай-ақ АҚШ, Жапония, Қытай, Корея, Ресей, Еуропа елдері және т.б. сияқты алыс және жақын шетелдердің ғылыми ұйымдарымен халықаралық ынтымақтастық дамып келеді.
Шыңғыс Төкенұлын жоғары мемлекеттік наградасымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, таусылмас қуат және ғылымда да, өмірде де жаңа белестерді бағындыруын тілейміз!