“Қазақстандағы ғарыш күндері – 2025” халықаралық форумы
September 11, 2025.
2025 жылдың 8-9 қыркүйегінде Алматыда Жерге жақын ғарышты зерттеуге арналған «Қазақстандағы ғарыш күндері – 2025» халықаралық форумы өтті. Форумға 50 елден 700-ден астам адам қатысты. Фесенков астрофизика институты ұйымдастырушылардың бірі болды. Форумнан кейін қатысушыларға академик Төкен Омаров атындағы Ассы-Түрген обсерваториясына экскурсия ұйымдастырылды.
В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының директоры Омаров Шыңғыс Төкенұлы Жібек жолы астрономиялық зерттеулер мен білім беру Альянсының вице-президенті болып тағайындалды
July 11, 2025.
Жібек жолы астрономиялық зерттеулер мен білім беру Альянсы, Қытай Халық Республикасындағы Дали университетінің профессоры Чжунму Ли және Германиядағы Гейдельберг университетінің профессоры Райнер Шпурцемнің атынан, В.Г. Фесенков атындағы Астрофизикалық институтының директоры Омаров Шыңғыс Төкенұлын Вице-президент лауазымына тағайындады.
13-ші астрономиялық конференция “Silk road”
June 18, 2025.
Жібек жолы астрономиясын зерттеу және білім беру альянсының 1-ші кездесуіжәне Жібек жолы бойынша 13-ші конференция (бұрынғы Қазақстан-Қытай-Корея конференциясы) Жоғары өнімді есептеу, жасанды интеллект және озық бақылау әдістерін қолдана отырып, динамикалық астрономияның жаңа шекараларын зерттеу 2025 жылдың 23-26 маусымы аралығында Далия университетінде өтеді.







