Posted on 28th July, 2017.
25 жылғы консервациядан кейін Қазақстандағы биік таулы Ассы-Түрген обсерваториясында 1.5 метрлік АЗТ-20 телескоп-рефлекторының құрылысы аяқталып іске қосылды.
Телескоппен жұмыс 80-жылдардың соңында басталды. Мұнара салынып, күмбез қойылып телескоп құрастырылған. Алайда, КСРО-ның ыдырауы басталған істі аяқтауға мүмкіндік бермеді және 1.5 метрлік айнасы қойылмаған телескоптың жұмысы тоқтатылды.
2014 жылы АЗТ-20 телескопын қайта жандандыру және В.Г. Фесенков атындағы институттың күшімен құрылысты аяқтау туралы шешім қабылданды. Ең қиыны жобаның құжаттарын қалпына келтіру болды. Алайда, 2015 жылдың аяғында басты айна қойылды және телескопты дәлдеу іске қосылды. Телескопты толықтай автоматтандыру үшін және қашықтан басқару үшін түпнұсқа электроникасын және электромеханикалық жетектерінің көп бөлігі әлдеқайда тиімдірек және дәлірек заманауи жүйелерге ауыстырылды. Сонымен қатар телескоп заманауи жарыққабылдағыш құралмен жабдықталды, дәлірек айтсақ биік таулы обсерваторияның артықшылығын іске асыруға мүмкіндік беретін Apogee UV42 ультрафиолет камерасымен жабықталды. АЗТ-20 телескопы алғашқы жарықты 2016 жылдың қазанында көрді, ал 2017 жылдың 27 шілдесінде пайдалану сынақтамасы жүргізілді. Жақын арада телескоптың оптикалық жүйесін модификациялау және көру аумағын 4 есеге ұлғайтатын фокустың жарықталған кварцты-флюоритті редюсермен жабдықтау жоспарлануда. Сонымен қатар, телескопқа ФАФИ инженерлері және халықаралық фирмалар мен университеттермен серіктесе дайындалып жатқан спектрографикалық және поляриметрикалық құралды орнату жоспарлануда.
АЗТ-20 телескопы іске қосылғалы Қазақстандағы ең үлкен телескоп және посткеңестік кеңістіктегі ең үлкені болып табылады. Телескоп Ассы-Түрген жотасында, жарықтығы жағынан өте төмен және астроклиматы мінсіз, телескоптың басты айнасы дифракциалық сапамен жасалған, яғни заманауи құралмен алдыңғы қатарлы алыс ғарыш ғылыми зерттеулерін өте жоғарғы халықаралық деңгейде жүргізуге мүмкіндік береді.
|
АЗТ-20 телескопының құрылысы (1989 жыл) |
|
Бас айна мен дәлдеу жүйесі қойылмаған 1,5-метрлік АЗТ-20 телескопы. |
|
АЗТ-20 телескопын қайта жандандыру және құрылысын аяқтау жұмыстары. Суретте телескоптың бас айнасы бар жәшік. |
|
Телескопқа бас айнаны орнатуға дайындық. |
|
Қазіргі таңдағы АЗТ-20 телескопы. |