Asteroid Day Global және NEOShield-2 материалы бойынша

Астероидтар Жермен күнде соқтығысады. Алайда көп жағдайда олар кішігірім және Жерге жетпей атмосфера қабатында жанып кетеді. Бірақ та егер көлемі 10 метрден кем емес астероидтар туралы айтсақ, онда мұндай жағдай Жер тарихында көп болған. Соңғы жүзжылдықта (кемінде) осындай екі жағдай болды – Тунгус және Челябі метерориті. Әлбетте, бұл соңғы жағдай емес. Мәселе Жер үлкен астероидпен соқтығысуы мүмкін бе деген сұрақта емес, мәселе нақты қашан соқтығысатыны мен астероидтың көлемінде.

Төменде жер маңындағы астероидтар, яғни Жерге жақын өтетін астероид орбиталары бойынша мәліметтер берілген. Мәліметтердің орташаланған сипаттама екенін ескеру қажет, әйтпесе қате «қауіпсіз сезімі» пайда болуы мүмкін. Мысалы, статистикалық болжау бойынша, Тунгус метеориті типтес жағдай орташа алғанда мың жылда бір рет болады; алайда, осындай жағдай бір жылда болмайды деген сөз емес – бұл осындай құрамдастырымның ықтималдылығы төмен екендігінде. Басқа мысалды алып қарайтын болсақ – статистикалық бағалау ~300 м көлемді астероид 70 мың жылда бір рет Жерге жақын ұшып өтетінін көрсетеді. Алайда осындай оқиға, яғни потенциалды қауіпті, 325 м көлемді Апофис астероидының жақын ұшуы 12 жылдан соң – 2029 жылы болады! Ол Жерге Айға дейінгі 10 есе кіші қашықтықта жақындайды.

Көлемі Бағалау саны Жермен соқтығысуының орташа периоды Соқтығысудан келетін ықтимал салдарлар Қорғанудың ықтимал шаралары
10 м 100 млн. 5 жыл Жарқырау ізін бақылау; кратерлерлің пайда болуы екіталай Азаматтық қорғаныс шаралары жеткілікті
30 м 3 млн. 150 жыл Атмосферадағы жарылыс Челябі метеоритіне ұқсас немесе одан да қуатты; кішігірім кратердің пайда болуы (астероидтың құрамына сәйкес); елді мекенге түскен жағдайда – бірнеше жаралылар және/немесе қаза тапқандар Азаматтық қорғаныс шаралары жеткілікті
50 м 500 мың 1000 жыл Тунгус метеориті типтес атмосферадағы қуатты жарылыс; кратердің пайда болуы; жаралылар мен қаза тапқандардың саны потенциалды көп Гравитациялық тартқышпен жоспарлы әсер ету немесе кинетикалық импакторлармен оқыс әсер ету + азаматтық қорғаныс
 100 м 50 мың 10 мың жыл Диаметрі 1-2 км. кратер; жергілікті ойран; жағалық зонаға түскен жағдайда – цунами қаупі; көп мөлшердегі жаралылар мен қаза тапқандар Гравитациялық тартқышпен жоспарлы әсер ету немесе кинетикалық импакторлармен оқыс әсер ету + азаматтық қорғаныс
300 м 7000 70 мың жыл Диаметрі бірнеше км кратер; аймақтық/ұлттық деңгейдегі апат; цунами қаупі; потенциалды миллиондаған қаза тапқандар Кинетикалық импактор + жоспарлы әсер ету, болмаса орта қуаттағы жарылғыш импульстарымен ауытқушылық
 500 м 3500 140 мың жыл Шамамен диаметрі 10 км кратер; халықаралық деңгейдегі апат; цунами қаупі; потенциалды 10 миллиндаған қаза табушылар Кинетикалық импактор + жоспарлы әсер ету, болмаса аса қуатты жарылғыш импульстарымен ауытқушылық
1 км 1000 500 мың жыл Ғаламдық әсер; адами өркениеттің бөлшектік жойылуы Кинетикалық импакторлардың сериялары болмаса аса қуатты жарылғыш импульсымен әсер ету
10 км 3 100 млн. жыл Адами өркениеттің соңы Аса қуатты жарылғыш импульс сериалары; орбитадан толықтай ауытқу заманауи технологиялар көмегімен мүмкін емес

 

Өткен өмірмен бірнеше соқтығысулар

Алғашқы табылған екпінді кратер АҚШ-тағы Аризона кратеры болып табылады. Оның диаметрі -1,2км, соқтығысу шамамен 49 мың жыл бұрын болған, метеориттің бағалау көлемі – 50 метр. Жерде бұл көлемнен үлкен астероидты кратерлер бар, алайда Аризона кратеры – өзінің алғашқы кейпін сақтап қалған ең үлкен кратер болып табылады.

Photo: Alan Harris, DLR

 

Бәлкім Жермен соқтығысқан ең атақты астероид – 65 млн жыл бұрын динозаврлардың жоғалуына алып келген астероид шығар. Мел-кайнозойлық деп аталатын жаппай қырылу көлемі ~10 км астероидтың Мексикадағы Юкатан түбегі аймағында құлауымен байланысты. Пайда болған Чиксулуб кратерінің диаметрі 180 км құрайды. Шаттлдан жүргізілген радарлы топографиялық түсірмеден кратер қызыл сызықпен көрсетілген. Чиксулуб кратері 1978 жылы Мексика шығанағының түбінде геофизикалық зерттеу жүргізу кезінде кездейсоқ ашылған.

Image: NASA/JPL

Юкатанға құлаған астероид шыныменде жаппай қырылуға әкелген бе деген мәселе көп талқыға түсті, бірақ 2010 жылғы әртүрлі көздерден алынған мәліметтерді талдаған соң, нақты мақұлданған жауап берілді. Астероидтың құлауы, нәтижесіндегі жарылыс және салдарынан болған масштабты өрттер, атмосферада шаң мен күйелердің жиналуы Күн сәулесінің кемінде бір жылға Жерге түсуіне шектеу келтіріп және кейбір мәліметтерге сәйкес бірнеше жылға ғаламның суынуына әкеліп соқты. Дәл осы факторлар барлық құрлықтағы жаппай қырылуға әкеліп соқты.

 

Расталған, соққыдан пайда болған кратерлердің ішіндегісінің ең үлкені Оңтүстік Африка Республикасындағы Вредефорт кратері. Пайда болған кезде оның өлшемі 300 км, екі миллиард жыл бұрын өлшемі 10-15 км денемен соқтығыстан пайда болған. Ол кезде Жерде өмір болған, бірақ жануар, өсімдік атаулы болмаған – барлық өмір бір жасушалы прокариотты ағза ретінде қарастырылған. Екі миллиард жыл ңшңнде кратер іс жүзінде “ізі жоқ”, бірақ оның ортасында әлі де Вредефорт куполы деген атпен белгілі геологиялық құрылым бар. Қазіргі таңда осы куполдың территориясында Парейс, Вредефорт және Копис аттыүш кішігірім қала бар.

Вредефорт кратері, жерсеріктен алынған сурет

 

Жақында 1908 жылы 30 маусымда Сібірдегі Подкаменная Тунгуска өзені маңында астероид жарылды. 30-50 метрлік астероид атмосфера қабатында Жерге жетпей жарылған болуы мүмкін. Жарылыстың қуаты адамзат тарихындағы ең қуатты жарылғыш құрылғы – АН602 термоядролық “бомба патшасының” қуатындай болған. Сол жақтағы сурет оқиғадан кейін 9 жыл өткен соң түсірілген, оң жақтағы – 2000 жылдардағы метеориттің түсу орны:


 

Әрине, 2013 жылғы Челябі метеориті бәрінің есінде. Атмосфераға кірмес бұрын метеориттің диаметрі бар болғаны 17 метрге тең еді. Жарылыс 20 км биіктікте болды.