Asteroid Day Global және NEOShield-2 материалы бойынша

Астероидтардың Жермен соқтығысының алдын алуға олардың орбиталарын Жердің жанынан өтетіндей етіп түзету болып табылады. Әдістердің бір бірінен түзету механизмі, түзету ұзақтығы мен салынатын күшке байланысты ажыратылады. Негізгі әдістер мыналар:

Гравитациялық тартқыш. Астероидқа ғарыш аппараты бағытталады, оның ұшуы астероидтың бір жағында үнемі “ілініп тұратындай” етіп бағдарламаланады. Барлық масса бір-бірімен гравитацияланатындықтан, ғарыштық аппарат астероидты үнемі өзіне тартып тұрады. Әрине, мұндай тартылу күшінің әсері болмашы, бірақ біраз уақыт өткен соң әсері ұлғаяды. Аталған әдістің артықшылығы нәтижені болжау үшін астероид туралы егжей-тегжейлі ақпарат қажет емес. Мысалы, нысан сынықтар тобымен байланысы әлсіз ба немесе монолит сеңі ме екендігін білудің қажеттілігі жоқ.


 

Кинетикалық соққы (импактор). Аталған әдістің ұстанымы мынада – астероид үлкен жылдамдықпен келген ғарыштық кеме-импакторының соққысынан ауытқиды. Импактордың массасы мен жылдамдығы (импульс) бір мезетте астероидқа беріліп оның жылдамдығының бағытын өзгертеді. Ескере кететін жәйт, соққыны жоспалаудан бұрын астероидқа оның орбитасы және нақты өлшемі, формасы, нысанның өздігінен айналу жылдамдығы мен химиялық құрамы жәйлі ақпарат жинақтау үшін барлау ғарыш аппаратын жіберу керек. Барлық ақпарат соққыны дұрыс жоспарлау үшін қажет; ал керісінше болған жағдайда соққы қажетті әсерді бермейді.


 

Жарылғыш дефлектор. Бұл жағдайда астероидтың траекториясы жарылыспен ауытқиды. Ауытқудың ең үлкен әсері ядролық жарылыстан болады. Бұл ретте жарылыс астероидтың бетінде немесе ішінде емес, астероидтан аз арақашықта жасалады. Сонда ол зымыран жанармайы ретінде әсер етіп астероидтың сыртқы қабаты буланады және астероидты алғашқы траекториясынан ауытқытады. Өздеріңіз байқағандай, голливуд сценарийлеріндегі ядролық оқтұмсықпен астероидтың жарылуынан айтарлықтай айырмашылық бар. Соңғы жағдайда Жерге қауіп төндіруі мүмкін көптеген фрагменттер туындайды. Мысалы, ядролық емес жарылғыш заттар кинетикалық импактормен бірге астероидқа соқтығысатын аппараттың импульсі ғана емес одан кейінгі жарылыс толқынының импульсі берілу жағдайларында да пайдалануы мүмкін.


 

Нақты механизмді таңдау негізінен екі фактормен анықталады: астероидтың өлшемі мен берілген уақыт. Мысалы, кішігірім астероид Жермен соқтығысу ықтималдылығы алдын ала анықталса, мұндай жағдайда ең ұтымды шешім гравитациялық тартқыш болып табылады, ал егер тура сол астероид болып, бірақ уақыт тығыз болса кинетикалық соққы әдісін пайдалану керек. Ал үлкен астероидтарды аз уақыттың ішінде тек жарылыспен ауытқыту (жарылыс сериялары) болып табылады. Бұл ой-пікірлер төмендегі диаграммада көрсетілген, горизонталь осьте Жермен соқтығысу уақытының болжамы, ал вертикаль осьте астероидтың өлшемі берілген.

Өлшемі жүз метрден аспайтын кішігірім астероидтар үшін азаматтық қорғаныс та жеткілікті (нақты аумақтарды эвакуациялау). Алайда кішігірім астероид халқы тығыз орналасқан немесе өндірістік аймаққа бағытталса экономикалық тұрғыдан қарастырғанда астероидты орбитасынан жоғарыда айтылған әдістердің көмегімен ауытқыту керек.

Астероид орбиталарын түзетудің тағы да баламалы жолдары бар. Лазер көмегімен түзету – астероидты немесе аумағын беттік қайнау күйіне дейін жеткізу; шығарылған газ астероид орбитасын өзгерту үшін реактивті ағын ретінде әсер етуі мүмкін. Мұндай әсерді бір немесе бірнеше ғарыштық аппараттарды пайдалана отырып астероидта Күн энергиясын үлкен айна мен линзалармен фокустау арқылы да қол жеткізуге болады. Сондай-ақ, астероидтың орбитасына әсер ететін (аз ғана) астероидтың жылулық құрамын өзгертуге болады. Мысалы астероидты ақ түске бояудан оны Күннен қалай көлеңкелеуге дейінгі ойлар айтылды. Басқа да баламалы жолы астероидқа электросатикалық әсер ету болып табылады, бірақ мұндай әдістер әлі толық зерттелмеген.

Астероидтарға пилотталаған ұшулар туралы ерекше атап айтқан жөн. Адамның болуы астероидтық денелердің құрамын тереңірек ұғынуға сеп болады, себебі көптеген ауытқу әдістері үшін маңызы зор. Сонымен қатар, астероидтарды зерттеу кезінде адам сол мезетте Күн жүйесінің пайда болуы жайлы баға жетпес ғылыми мәліметтерге ие болады.