Asteroid Day Global декларацияның түпнұсқасы
Біз, әр түрлі елдер ғалымдары мен азаматтары, барлық адамзат алдында тұрған ең бір маңызды проблемаларды шешүді қажет деп есептейміз.
Астероидтар жермен соқтығысады, егер ешқандай әрекет жасалмаса, олар аймақтар немесе бүкіл планета бойынша адамзат қоғамын құртуы мүмкін. Бірақ басқа да табиғи аппатардан айырмашылығы, астероидпен соқтығысудың алдын алуға болады.
Күн жүйесінде жер үшін қауіп-қатер ықтимал болдыратын миллиондаған астероидтар бар, бірақ қазіргі кезде оның бақыланып отырғаны, шамамен бір пайызы ғана. Қазіргі технологиялар, бұл жағдайды өзгертудің мүмкіндігін береді.
Осыған байланысты, біз мынадай іс-әрекеттерге шақырамыз:
- Үкіметтік, жеке және қайырымдылық ұйымдарының көмегімен жер мағындағы астероидтарды табу және олардың мониторингі үшін қолда бар технологияларды тарту
- Жақын он жылдық аралығында жер маңындағы астероидтардың табылуының жүз есеге артуына, жылына жүз мыңға дейін астероидтардың ашылуына жету
- Астероидтық қауіптілікті және оның әдістерін түсіндіру мақсатымен халықаралық деңгейде Астероид Күні бекітілсін және ол әр жылдың 30 маусымында аталып өтсін алдын алу. ☑ ОРЫНДАЛДЫ*
Мен, төменде қол қоюшы, ғалымдармен, астронавтармен, мәдениет қайраткерімен, кәсіпкерлермен және басқа да азаматтармен қатар бұл мәселенің мағыздылығын бөлісемін және біздің планетамызды астероидтармен болашақ соқтығысулардан қорғау жөнінде тұрғындардың хабардар болуларын арттыруға шақырамын.
*2016 жылдың 06 желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясы 30 маусымда әлем бойынша Астероид күні болып аталып өтетіндігін қабылдады. Сөйтіп, Астероид күні құрылғаннан кейін 2 жыл 3 күннен соң біздің мақсаттарымыздың біріне жеттік. Қалған мақсаттарымызға да жетейік.