Динозаврлардың астероидпен соқтығысудың алдын алуға мүмкіндігі болмады. Біз қалай ақтала аламыз?
Астероид күні (Asteroid Day) – астероидтардың Жермен соқтығысуынан біздің планетаны, қоғамды, отбасыларымызды және болашақ ұрпақты қорғау мақсатында және алдын алу әдістерін түсіндіруге арналған халықаралық ақпараттық кампания болып табылады.
2015 жылдан бастап 30 маусымда бүкіл әлемдік Астероид күні аталып өтеді – дәл осы күні заманауи тарихтағы ең масштабты астреоидты катастрофаға алып келген 1908 жылы Тунгус метеориті Жермен соқтығысты.
Кампанияның бастамашылары:
- Григ Рихтерс, Григ Рихтерс, “51 градус солтүстікке қарай” фильм-катастрофасын түсірген германиялық кинорежиссер
- Брайан Мэй, астрофизик және аңызға айналған Queen тобының гитаристі (70 – жылдары топтың танымалдылығына байланысты ғылыми мансабына көңіл аудармаған; кейіннен қызығушылығы қайта оянып 2007 жылы диссертация қорғады)
- Рассел Швайкарт, НАСА астронавты, Аполлон-9 миссиясының құрамына кірген
- Даника Реми, Жерді астероидтардан қорғау бойынша B612 фондының атқарушы директоры
Астероид күні декларациясын жүздеген көрнекті ғылым мен мәдениет қайраткерлері, солардың қатарында корольдік астроном Мартин Рис, космонавт Алексей Леонов, музыкант Питер Габриел, режиссер Терри Гиллиам, Нобел сыйлығының лауреаттары, астронавттар, ғылымды дәріптеушілер, танымал кәсіпкерлер және тағы басқалар бар (қол қойған танымал адамдардың тізімін жаһандық сайттан көруге болады). Сонымен қатар, декларацияға көптеген елдердің 40 мыңнан астам азаматтары қол қойған. 2016 жылдың желтоқсанында Астероид күні Біріккен Ұлттар Ұйымының декларациясында көрсетілді.
В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институты Астероид күнінің Қазақстандағы ресми аймақтық координаторы болып табылады. Біздің институтта астероидтарды мониторингілеу бірнеше жыл бойы жүйелі түрде жүргізіледі.
Күн жүйесінде орбиталары жер орбитасымен қиылысатын миллионнан астан өлшемі ондаған метрден кем емес астероидтар бар, бірақ қазіргі таңда олардан тек шамамен 15 мың, яғни бір пайызы ғана теңдестірілген. Салыстыра отырып қарайтын болсақ, өлшемі ондаған метр ғана болатын кішігірім астероид бір мегаполисті жоюы мүмкін. Бірақ, басқа табиғи апаттарға қарағанда астероидпен соқтығысудың алдың алуға болады.
Аsteroid Day кампаниясының түпкі мақсаты барлық елдің күшін біріктіру және әлем бойынша үкімет, жеке меншік және қайырымдылық ұйымдардың ресурстарының көмегімен дер кезінде потенциалды қауіпті астероидтарды анықтау және олардың орбиталарын түзеу арқылы соқтығысудың алдын алу үшін технологияларды дамыту.
Мен не істей аламын?
Сіздің мүмкіншіліктеріңіз:
- Астероид күні декларациясына қол қою. Аталған мәселеге көңіл қойғандардың саны артқан сайын шешімін табу жеңілдейді.
- Барынша өзіңіздің қалауыңызша ақпаратты таратуға жәрдемдесу. Әлеуметтік желінің түймесін бір рет басу (сол жағын қараңыз) жеткілікті немесе егер сіз ұстаз не қоғам қайраткері болсаңыз осы тақырыпқа байланысты дәріс оқысаңыз болады.