2017 жылдың 27-маусымында Ассы-Түрген обсерваториясында 16 аймақтық баспалардан келген тілшілердің қатысуымен пресс-тур өтті. Пресс-турдың мақсаты Ассы-Түрген обсерваториясының қызметімен және телескоптарымен таныстыру болды. Қазақстандағы АЗТ-20 ең үлкен телескопты жариялау және іске қосу басты оқиға болды.
В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының қызметкерлері тілшілерге Ассы-Түрген обсерваториясының тарихын, телескоптары, олардың мүмкіндіктері мен қазіргі таңдағы солардың көмегімен жүріп жатқан ғылыми зерттеулер жайлы баяндады. Сонымен қатар, тілшілерге Ассы-Түрген обсерваториясында салынатын 3.6 метрлік заманауи телескопының құрылысы жайлы инвестициялық жоба таныстырылды.
Пресс-турдың нәтижесі – Ассы-Түрген обсерваториясы, телескоптары, қызметркерлері және болашағы жайлы қазақстандық БАҚ өкілдерінің жарияланымдары жарық көрді.
0.5 метрлік RC500 телескопының таныстырылуы. |
1.0 метрлік Zeiss-1000 телескопының таныстырылуы. |
1.5 метрлік АЗТ-20 флагмандық телескопының таныстырылуы. |