Француз компаниясының ArianeGroup өкілдері Фесенков атындағы астрофизика институтына жұмыс сапарымен барды. Сапардың мақсаты – Франция мен Қазақстан арасындағы ғарыштық зерттеулер саласындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Т.Б. Омаров атындағы Ассы-Түрген обсерваториясында француз әріптестері Жер маңындағы орбиталарды бақылауға арналған жаңа телескоп орнатты.
ArianeGroup өкілдері Қазақстан мен Франция арасындағы ғылыми ынтымақтастық аясында ФАФИ-ге барды.
Posted on 16th June, 2025.
Comments are closed.

