Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Аэроғарыш комитетінің төрағасы Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев бастаған Қазғарыш делегациясы жұмыс бабымен Индонезияға барды. Бали аралында ғарыштық саладағы қарым-қатынасты талқылау үшін 22-ші Азия-Тынық мұхиттық аймақтық ғарыштық агенттіктердің форумының қатысушылары (APRSAF-22) жиналды.

APRSAF-22 – та Қазғарыш делегациясын Т. Мұсабаевтан басқа ИДМ АҒК төраға орынбасары Мейірбек Молдабеков, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» акционерлік қоғамының президенті Жұмабек Жантаев

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ геоақпараттық технологиялар орталығы диекторы Оңғарбек Әліпбеки, Қазғарыш мекемесінің мамандары, сонымен қатар В.Г. Фесенков атындағы астрофизика институтының директоры Шыңғыс Омаров өкіл болды.

APRSAF-22 жұмысында 15-тен астам елдер қатысты. Форумның “Ғарыштағы қатынастар” атты арнайы сессиясы табиғи апаттар салдарын жою және Азия-Тынық мұхит аймағындағы қолдау жүйесі мәселеріне арналды.

Қазғарыш өкілдері форумның ғарыштық технологияларды қолдану, ғарыштық саланы қолдану, ғарыштық білім беру бойынша мәселелерді талқылау бойынша барлық төрт секция жұмысына қатысты. Сессияның пленарлы отырысында Қазақстанда ғарыштық технологияны пайдалану туралы баяндамамен Қазғарыш басшысы Талғат Мұсабаев сөз сөйледі. ҚР ИДМ АҒК төрағасы бүгінде Қазақстан Республикасы екі бірдей толыққанды жабдықталған ғарыштық серік жүйелері KazSat байланыс және хабар тарату, сонымен қатар 4 ғарыштық аппараттан және заманауи басқару кешенінен тұратын Жерді KazEOSat дистациялық зондтауға ие екендігін атап айтты. Қазғарыштың орындалып жатқан және болашақтағы ғарыштық жобалар туралы ақпарат APRSAF-22 қатысушыларының қызығушылығын туғызды.

http://www.inform.kz/rus/article/2846386